Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Украина рақметін айтпады": Трамп Зеленскийге қатысты ел күтпеген мәлімдеме жасады

Әлем
"Украина рақметін айтпады": Трамп Зеленскийге қатысты ел күтпеген мәлімдеме жасады
EPA. Суреттте: Владимир Зеленский мен Дональд Трамп

АҚШ президенті Дональд Трамп Украина билігі Вашингтон көрсетіп отырған қолдау үшін ешқандай алғыс білдірмеді деп мәлімдеді. Сонымен бірге ол Еуропа елдерін Ресейдің мұнайын сатып алуды жалғастырып жатқанын сынға алды, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы Трамп 23 қараша күні Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Мен ешқашан басталмауы тиіс, бәрі үшін, әсіресе мағынасыз қаза тапқан миллиондаған адамдар үшін үлкен қасірет әкелген соғысты мұраға алдым. Украина басшылығы біздің күш-жігерімізге ешқандай алғыс білдірмеді, ал Еуропа Ресей мұнайын сатып алуды жалғастыруда", – деп жазды ол.

Сонымен қатар Трамп АҚШ-тың НАТО-ға Украинаға жеткізу үшін үлкен көлемде қару сатуын жалғастырып жатқанын атап өтті.

"Коррупцияға былғанған Джо (Байден) бәрін тегін-тегін-тегін таратып берді, оның ішінде "үлкен" ақшалар да бар", – деді Трамп.

Оның пікірінше, Ресей мен Украина арасындағы соғыс – "қатыгез әрі сұмдық" және Вашингтон мен Киев тарапынан "күшті әрі дұрыс жетекшілік" болғанда, мұндай соғыс болмас еді.

"Бұл соғыс менің екінші мәрте қызметке кіріспес бұрын, Джо Байденнің "ұйқылы" әкімшілігі кезінде басталып, тек ушыға түсті. Егер 2020 жылғы президенттік сайлау бұрмаланбаса және ұрланбаса – радикалды демократтардың жақсы істей алатын жалғыз ісі – Ресей мен Украина арасындағы соғыс мүлдем болмас еді. Тіпті менің бірінші мерзімімде мұндай соғыс туралы ешкім айтпаған болар еді", – деді ол.

Трамптың айтуынша, Ресей президенті Владимир Путин "ешқашан шабуыл жасамас еді".

"Ол "ұйқылы Джоны" іс жүзінде көргенде: "Міне, менің мүмкіндігім!" – деді. Қалғаны – тарих, соғыс әлі де жалғасуда", – деп қорытындылады АҚШ президенті.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу