freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Украина, Ресей және АҚШ арасындағы келіссөздердің жаңа кезеңі Женевада өтеді

Әлем
Украина, Ресей және АҚШ арасындағы келіссөздердің жаңа кезеңі Женевада өтеді
Фото: UAE Ministry of Foreign Affairs/TASS/ZUMA/picture alliance

Украина президентінің кеңсесі Ресейдің Украинаға қарсы соғысын тоқтату жөніндегі Ресей, Украина және АҚШ делегациялары арасындағы келіссөздердің жаңа кезеңі 17–18 ақпанда Женевада өтетінін растады, деп хабарлайды Malim.kz.

Украина делегациясы алдағы үшжақты кездесуге дайындалып жатыр.

Бұған дейін Женевадағы келіссөздер туралы Владимир Путинтің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеген болатын. Ол Ресей делегациясын РФ президентінің көмекшісі Владимир Мединский басқаратынын айтты.

Негізгі даулы мәселе – аумақтар

Politico басылымының мәліметінше, америкалық тарап жаңа кезең барысында ілгерілеуге қол жеткізуді көздеп отыр. Дегенмен басты түйткіл – аумақ мәселесі және Ресейдің Донбастың толық аумағын, соның ішінде РФ әскері басып ала алмаған жерлерді де бақылауға алу талабы болып қала береді.

«Екі тарап та өз ұстанымдарында қатты табандап отыр, бірақ алға жылжудың жолы бар екенін бәрі сезеді деп ойлаймын», – деді аты-жөнін жарияламауды өтінген америкалық жоғары лауазымды шенеунік басылымға.

Оның айтуынша, АҚШ Украинаға Мәскеу мен Киев соғысты аяқтау жөнінде ортақ келісімге келмейінше, қауіпсіздік кепілдіктері туралы келісімге қол қоймайтынын түсіндірген.

Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский журналистермен кездесуде АҚШ соғысты жаз басталғанға дейін аяқтауға үміттенетінін айтқан, өйткені маусымнан бастап олардың басқа басымдығы – Конгреске сайлау болмақ.

Bloomberg агенттігі де жаңа келіссөздер кезеңінде тараптар «күрделі аумақтық мәселеге» назар аударып, Донбаста буферлік «еркін экономикалық аймақ» құру жөніндегі АҚШ ұсынысын талқылайды деп болжайды. Украина президентінің айтуынша, соғысушы екі тарап та бұл америкалық идеяға күмәнмен қарайды.

«Бұл мәселеге қатысты көзқарастарымыз әртүрлі. Келесі кездесуге осының қалай жүзеге асуы мүмкін екені жөніндегі нақты ұсыныспен оралайық деп келістік», – деді Зеленский Bloomberg агенттігіне.

Абу-Дабидегі келіссөздер нәтиже бермеді

Украина, Ресей және АҚШ Абу-Дабиде жабық форматта екі кезеңдік келіссөз өткізген. Біріншісі 23–24 қаңтарда, екіншісі 4–5 ақпанда болған. 5 ақпанда Киев пен Мәскеу кезекті тұтқын алмасуға келіскен.

Тараптар белгілі бір ілгерілеу болғанын айтқанымен, Ресейдің Украинаға қарсы соғысын аяқтау жолында нақты серпіліс тағы да болған жоқ.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу