Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Украина халқы өз тағдырын өзі шешеді": Зеленский ел күтпеген мәлімдеме жасады

Әлем
"Украина халқы өз тағдырын өзі шешеді": Зеленский ел күтпеген мәлімдеме жасады
Viktor Kovalchuk/Global Images Ukraine via Getty Images. Суретте: Владимир Зеленский

Украина президенті Владимир Зеленский Киевтің АҚШ-қа "бейбіт жоспардың" жаңартылған нұсқасын жолдағанын растады, деп хабарлайды ВВС.

Зеленский бейсенбі күні журналистермен кездесуде Ресейге қандай да бір аумақтық жеңілдік жасау мәселесін тек Украинаның өзі, яғни халық шешуі керек екенін атап өтті.

"Менің ойымша, бұл сұраққа украин халқы жауап беруі тиіс. Ол сайлау арқылы ма, әлде референдум арқылы ма, бәрібір, өз ұстанымын халықтың өзі айтуы қажет", – деді ол.

Президент сондай-ақ Киевтің АҚШ-қа "бейбіт жоспардың" жаңартылған нұсқасын жібергенін растады. Оның айтуынша, АҚШ тарапынан Ресей мен Украина әскерінің арасына елдің шығыс бөлігінде демилитаризацияланған "еркін экономикалық аймақ" құру ұсынысы бар.

"Олар украин әскерінің Донецк облысының аумағынан шығуын көздейді, ал ұсынылып отырған компромисс бойынша ресейлік әскер ол аймаққа кірмейді. Бірақ олар "еркін экономикалық аймақ" немесе "демилитаризацияланған аймақ" деп отырған территорияны кім басқаратынын өздері де білмейді", – деді Зеленский.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу