АҚШ президенті бұл ойын Politico басылымына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Malim.kz.
Олар соғысты сайлау өткізбес үшін пайдаланып отыр, бірақ украин халқының таңдау жасау мүмкіндігі болуы тиіс деп ойлаймын, - дейді Трамп.
Сонымен бірге Дональд Трамптың пікірінше, Владимир Зеленскийдің президенттік сайлауда қайта жеңіске жету мүмкіндігі бар.
«Кімнің жеңетінін білмеймін. Бірақ олар ұзақ уақыт бойы сайлау өткізген жоқ. Олар демократия туралы айтады, бірақ белгілі бір сәттен кейін бұл демократия болмай қалады», – деп атап өтті Ақ үй басшысы.
Украинада кезекті президенттік сайлау 2024 жылы өтуі керек еді. Алайда Ресейдің кең ауқымды басқыншылығы басталғаннан кейін енгізілген әскери жағдайға байланысты сайлау кейінге қалдырылды. Кремль осы жағдайды негізге алып, Зеленскийді «заңсыз» деп бірнеше рет айыптаған.
Бұған дейін Трамп Украинада сайлау өткізуді бірнеше рет талап еткен. Сонымен қатар бұл талап оның соғысты аяқтау жөніндегі ұсыныс жоспарына да енгізілген.