Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Ұлт араздығын қоздырды" деп айыпталған журналистің апелляциялық соты басталды

Құқық
"Ұлт араздығын қоздырды" деп айыпталған журналистің апелляциялық соты басталды
Коллаж: Ulysmedia

Алматыда блогер, журналист Мирболат Мырзатайұлының апелляциялық соты басталды. Істі апелляция алқасы қарап жатыр, - деп жазды azattyq.org. 

Сот залына Мирболат Мырзатайұлының өзі әкелінбеді. Сот алқасы оны сотқа қатыстырмау туралы шешім қабылдады. Айтуларынша, апелляциялық шағымды қорғаушылар жағы түсірген.

Бұған дейін қорғау жағы апелляциялық қаулы шықпай жатып, Мырзатайұлы Тараздағы абақтыға ауыстырылғанын хабарлаған еді. Ресми органдар бұл ақпаратқа реакция білдірмеген.

Сейсенбі күні сот алқасы, прокурор мен Бишуиновтың қорғаушысы әрі әйелі Гүлшат Бишуинова бір залда отырды. Адвокаттар сотқа онлайн қосылды. Ал блогердің жақтастарына арнайы екі зал бөлінді. Екі зал да лық толды. Мирболатты қолдауға тіл жанашырлары азаматтық белсенділер келді.

Былтыр қарашада бірінші инстанциядағы сот Мирболат Мырзатайұлын “Алауыздық қоздыру” бабы бойынша кінәлі деп танып, 4 жылға бас бостандығынан айырған.

Айыптау актісінде блогердің 2025 жылғы сәуірде Алматыдағы мекеменің кеңсесіне барып, "мекеме басшысымен жанжал барысында" "ұлт араздығын қасақана қоздыруға кіріскені" жазылған. Актіге сүйенсек, блогер мен мекеме басшысы арасында келіспеушілік тілге қатысты туындаған.

Сарапшының пайымдауынша, блогер қазақ тілін білмейтін басшыларды жұмыстан шығаруға бойкот жасауға үндеген. Бұны алауыздық қоздыру әрекеті деп тапқан. Блогердің істі болуына Instagram парақшасында шыққан видеосы ілік болған. Видеода блогер тұрғын үй кооперативінің басшысы Олеся Хасановамен сөзге келген. Онда блогер «мемлекеттік тілді білмейсіз» деп сөгіп, осындай азаматтарға бойкот жариялау керек деген.

Блогер өзіне тағылған айыптарға келіспей, апелляциялық шағым беретінін айтты. Құқық қорғаушылар мен белсенділер Мирболат Мырзатайұлын босатуға шақырып отыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу