freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ұлтараздықты қоздырған семейлік жасөспірім сотталды

Құқық
Ұлтараздықты қоздырған семейлік жасөспірім сотталды
Pixabay

Абай облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ұлтаралық араздықты қоздырды деп айыпталған жасөспірімге қатысты қылмыстық істі қарады , деп хабарлайды Malim.kz.  Сот материалдарына сәйкес, 2025 жылдың ақпанында Семей қаласының кәмелетке толмаған тұрғыны Telegram мессенджерінде «Skinheads industries-Semey» атты чат құрған.
 

Ол топтың әкімшісі ретінде мәтіндік және аудио хабарламалар жариялап отырған. Сот деректеріне қарағанда, жарияланған жазбаларда адамдарды ұлтына қарай кемсіту белгілері болған. Әсіресе Үндістаннан келген студенттер мен олардың мәдениетіне қатысты қорлайтын пікірлер айтылған.

Сонымен қатар жасөспірім топ мүшелерін өз көзқарасын қолдауға шақырып, чатқа жаңа адамдарды тартуға үндеген. Тергеу мәліметінше, ол бұл қауымдастыққа өзге кәмелетке толмағандарды да тартып, экстремистік идеяларды Семей аумағында таратуға әрекет жасаған.

Мемлекеттік айыптаушы соттан айыпталушыға 1 жыл 4 ай мерзімге бостандықты шектеу жазасын тағайындауды сұрады. Жасөспірім сотта кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкініш білдірді. Сот айыпталушының кәмелетке толмағанын, бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмағанын және кінәсін мойындағанын ескерді.

«Сот оны Қылмыстық кодекстің 174-бабы бойынша кінәлі деп таныды. Айыпталушының жасын және заң талаптарын ескере отырып, 1 жыл 4 ай мерзімге бостандықты шектеу жазасы тағайындалды», — деп хабарлады сот. Үкім заңды күшіне енді.

Сот өкілдері ұлттық белгі бойынша адамдарды кемсіту, өшпенділік пен алауыздықты қоздыру, сондай-ақ экстремистік идеяларды тарату — интернетте жасалса да, қылмыстық жауапкершілікке әкелетін әрекет екенін еске салды.  

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу