Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ұлттық биометриялық сәйкестендіру жүйесімен жұмыс істеу ережелері әзірленеді

Қоғам
Ұлттық биометриялық сәйкестендіру жүйесімен жұмыс істеу ережелері әзірленеді
freepik.com

Ұлттық биометриялық сәйкестендіру жүйесіне қосылу және жұмыс істеу ережелері әзірленеді. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына  Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің жауабында айтылған.

 Цифрлық кодекс жобасына сәйкес биометриялық сәйкестендіру Ұлттық биометриялық сәйкестендіру жүйесін, өкілетті орган бекіткен оның жұмыс істеу және қосылу ережелерін қолдана отырып жүзеге асырылады. Бұған қоса, Цифрлық кодекс жобасы аясында Ұлттық биометриялық сәйкестендіру жүйесіне қосылу және жұмыс істеу ережелерін әзірлеу жоспарланған. Оның аясында биометриялық деректерді жинау, сақтау және жою алгоритмдері ескеріледі, - деді.

Оның айтуынша, бүгінде елімізде тексерулер жүргізуге және әкімшілік жауапкершілік шараларын қолдануға мүмкіндік беретін тетік жұмыс істейді.

- Мұнан бөлек, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі жеке және заңды тұлғалардың дербес деректері мен олардың қорғалуына қатысты өтініштерін, Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 79-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға, сондай-ақ жоспардан тыс тексерулер жүргізуге уәкілетті. Бұл ретте дербес деректерді қорғау саласындағы заңнама талаптарын бұзғаны үшін 30-дан 2 000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде әкімшілік жауапкершілік көзделген, - деді Жаслан Мәдиев.

Бұған дейін «Азаматтарға арналған үкіметтің» мамандандырылған орталықтарында автокөлік иелері мен емтихан тапсырушыларға мемлекеттік қызмет көрсету үшін биометриялық сәйкестендіру технологиясы енгізілген еді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу