«Бірлік керуені» көшпенділер ойынына Алтайдағы ең үлкен сарқыраманың суын апара жатыр

Су – Дүниежүзілік көшпендер ойындарының басты символы

Malim Админ

  • 04.09.2024

Шығыс Қазақстаннан V-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына «Бірлік керуені» жолға шықты.

30 тамызда керуенді Елордада болатын байрақты бәсекеге шығарып салу рәсімі өткен болатын. Бұл рәсім Катонқарағай ауданында Белуха тауының етегінде орналасқан Көккөл сарқырамасынан торсыққа су алудан басталды.

Су – Дүниежүзілік көшпендер ойындарының басты нышаны және негізгі элементі. Тіршілік нәрін өңірлердегі киелі бұлақтардан жинайды. Ашылу салтанатында әр өңірдің батырлары өздері алып келген қасиетті суды бір қазанға құйып, елдің бірлігін, тұтастығын және өзара ынтымақтастығын көрсетеді.

Ал Көккөл сарқырамасы - Алтайдағы ең үлкен сарқырама. Ұлы даланың кіндігі болып отырған осы Алтай жері түркілер үшін ежелден киелі мекен саналады. Сондықтан, халықаралық деңгейде өтетін додаға дәл осы жердің суын таңдап алудың үлкен мәні бар.

- Шығыс Қазақстаннан көшпенділер ойынына он елші және бір батыр бара жатырмыз. Біз үшін бұл – үлкен міндет, абырой. Өткенде Көккөл сарқырамасынан торсыққа су алдық, енді соны ойындардың ашылу салтанатына жеткіземіз. Осыйлайша, елдің аманатын арқалап бара жатырмыз десек болады. Қатысушыларға сәттілік тілейміз. Көшпенділер ойынынында еліміздің көк байрағы желбіреп, жеңіс тұғырынан көрінеді деп сенеміз, - деді «Бірлік керуенінің» елшісі Қуаныш Рахметоллаұлы.

Айта кетелік, көшпенділер ойындарына Шығыс Қазақстан облысынан 20 спортшы қатысады. Олар спорттың үш түрінен арқан тарту, садақ ату және таяқ тарту бойынша бақтарын сынайды.

Фото: Altainews.kz 

Байланысты жаналықтар

+27 градус. Бүгін ауа райы қандай болады?

19.03.2025

Бишімбаевті соттаған судья тағы да көзге түсті

17.03.2025

Елордада ірі ұтыстар туралы хабарлайтын алаяқтық орталық жойылды

16.03.2025

Астаналық кәсіпкер арам өлген малдың етін сатқан

13.03.2025

Лифтіде баланы пышақтаған жасөспірімнің ісі бір ай ішінде сотқа жіберіледі

12.03.2025

Үкімет Астанада бір үйге тіркеуге болатын адам санын шектеуді ұсынды

05.03.2025
MalimBlocks
+27 градус. Бүгін ауа райы қандай болады?

Қазгидромет ауа райы болжамын ұсынды

Бишімбаевті соттаған судья тағы да көзге түсті

Елордада ірі ұтыстар туралы хабарлайтын алаяқтық орталық жойылды

Астаналық кәсіпкер арам өлген малдың етін сатқан

Лифтіде баланы пышақтаған жасөспірімнің ісі бір ай ішінде сотқа жіберіледі

Қазір тергеу жалғасып жатыр

Үкімет Астанада бір үйге тіркеуге болатын адам санын шектеуді ұсынды