Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Үндістан сатып алатын ресейлік мұнайдың көлемін азайтты

Әлем
Үндістан сатып алатын ресейлік мұнайдың көлемін азайтты
Фото: Biju Boro/AFP

Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, Үндістан желтоқсан айында жеткізілетін ресейлік мұнайдың сатып алу көлемін азайтқан. , деп хабарлайды Malim.kz.

Агенттік бұл жағдайды «Батыстың санкциялары мен АҚШ-пен жүргізіліп жатқан сауда келіссөздері сатып алу құрылымына елеулі әсер етіп отырғанының айғағы» деп сипаттайды.

Мәліметтерге қарағанда, бірден бес ірі мұнай өңдеу компаниясы келесі айға ресейлік мұнайға тапсырыс бермеген. Әдетте мұндай тапсырыстар ағымдағы айдың 10-ына дейін жасалатын. Бұл туралы агенттік «ақпараттан хабардар дереккөздерге» сілтеме жасап жазады.

Материалда өзгеріс АҚШ президенті Дональд Трамп Үндістаннан келетін импорттық тауарларға баж салығын 50 пайызға дейін көтеріп, кейін Кремльдің Украинада бастаған соғысына байланысты «Лукойл» мен «Роснефтьке» санкция енгізгеннен кейін болғаны атап өтіледі.

Bloomberg аналитикалық Kpler компаниясының деректеріне сүйене отырып, биыл ресейлік мұнай импортының үштен екісін қамтамасыз еткен бес мұнай өңдеу зауыты — Reliance Industries Ltd., Bharat Petroleum Corp. Ltd., Hindustan Petroleum Corp. Ltd., Mangalore Refinery and Petrochemicals Ltd. және HPCL-Mittal Energy Ltd. — деп жазады. Алайда желтоқсан айында ресейлік мұнайдан нақты осы компаниялар бас тартқаны белгісіз.

Желтоқсан айына «біршама көлемде ресейлік мұнай» сатып алған тек екі өңдеуші бар: санкция тізіміне енбеген сатушылардан алған Indian Oil Corp және «Роснефтьке» ішінара тиесілі Nayara Energy Ltd.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу