Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Үндістандағы ұшақ апатынан бір адам аман қалды

Әлем
Үндістандағы ұшақ апатынан бір адам аман қалды

Үндістанда болған ұшақ апатынан бір адамның тірі қалғаны анықталды, деп хабарлайды Malim.kz ANI агенттігінt сілтеме жасап.

Boeing 787-8 Dreamliner ұшағының қалдықтарын аршу кезінде аман қалған бір жолаушы табылған. Қазір ол ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлердің бақылауына алынған. Оның жай-күйі туралы нақты ақпарат әзірге жарияланған жоқ.

«Полиция 11A орнынан тірі қалған бірадамды тапты. Ол дереу ауруханаға жеткізілді және оған медициналық көмек көрсетіліп жатыр», – деді Ахмадабад қалалық полиция комиссары Г.С. Малик ANI агенттігіне.

Еске салайық, бүгін Air India әуе компаниясына тиесілі Boeing 787 Dreamliner ұшағы Ахмадабадтан Лондонға бағыт алғаннан кейін көп ұзамай апатқа ұшыраған болатын.

Фото: TimesNow

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу