Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Түркияда Ыстамбұл мэрі ұсталды

Әлем
Түркияда Ыстамбұл мэрі ұсталды

Түркияда президент Режеп Ердоғанға оппозицияда жүрген Ыстамбұл мэрі Экрем Имамоглу ұсталды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі Сnnturk.com басылымына сілтеме жасап.

Имамоглуның үйінде тінту жүргізілген, кейін ол сот ғимаратына жеткізілген.

Бұған дейін не белгілі болды?

Бұған дейін БАҚ Ыстамбұлда сыбайлас жемқорлыққа қарсы ауқымды операция басталғанын хабарлаған болатын. Операция аясында мэр Экрем Имамоглу мен оның баспасөз кеңесшісі Мұрат Онгунды қамауға алу туралы бұйрық шығарылды. Жалпы, БАҚ мәліметінше, шамамен 100 адамды тұтқындауға рұқсат берілген. Олар жемқорлық, парақорлық және алаяқтық бойынша айыпталып отыр.

Ыстамбұл мэрі ең ірі оппозициялық Республикалық халық партиясынан (CHP) праймеризге жалғыз үміткер болғаны атап өтілді. Алайда Ыстамбұл университеті Түркия Бас прокуратурасының талабы бойынша Имамоглудың дипломын қайтарып алды, бұл шешім оның президенттік сайлауға түсуіне кедергі келтіреді, себебі тек жоғары білімі бар азаматтар ғана үміткер бола алады.

Фото: instagram.com/ekremimamoglu

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу