Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Вакцина салдырғандардың 0,09 пайызы ғана коронавирус жұқтырды

Сұқбат
Вакцина салдырғандардың 0,09 пайызы ғана коронавирус жұқтырды

Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова елімізде вакцина салдырғандардың арасынан 4 765 адам вирус жұқтырғанын, бұл екпе салдырғандардың небәрі 0,09 пайызы екенін мәлімдеді.

"Бірінші компонентті алған соң 2384 адам вирус жұқтырса, екінші компонент алған 2380 адам ауырып қалған. Бірақ бұл вакцина салдырғандардың арасындағы болмашы көрсеткіш – небәрі 0,09 пайыз", - деді Айжан Есмағамбетова.

"Спутник V" вакцинасының бірінші компонентін салдырған 2048 адам, екінші компонентін салдырған 2102 адам вирус жұқтырған.  Hayat вакцинасының бірінші компонентінен кейін 246, екінші компонентінен кейін 221 адам, CoronaVac вакцинасының бірінші компонентін алған 45 адам, екінші компонентін алған 11 адам, QazVac вакцинасының бірінші компонентін алған 41 адам, екінші компонентін алған 45 адам коронавирус жұқтырды. Алайда толық вакцинациядан кейін вирус жұқтырған күннің өзінде, вакцина аурудың ауыр өтуі мен жансақтау бөліміне түсуден қорғайды.

Фото: yvision.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу