freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Венесуэлада жазасын өтеп жатқан шетелдіктер босатылады

Әлем
Венесуэлада жазасын өтеп жатқан шетелдіктер босатылады
ҚАЖ

Венесуэла билігі «көптеген венесуэлалық және шетелдік азаматты» түрмеден босатады. Бұл туралы бейсенбі күні Венесуэла Ұлттық ассамблеясының (парламент) төрағасы Хорхе Родригес хабарлады, деп жазады Синьхуа.

Родригестің сөзінше, үкіметтің бұндай шарасы елдегі бейбітшілікті қамтамасыз етуге және адамдардың саяси, діни, экономикалық немесе әлеуметтік айырмашылықтарына қарамастан бейбіт өмір сүруін қолдауға деген ниетін көрсетеді.

— Босату процестері дәл қазір жүріп жатыр. Мұны Боливариан үкіметінің елде бейбітшілікті орнатуға деген ниетін білдіретін қадам деп қараңыздар, — деді Хорхе Родригес.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Венесуэлада АҚШ-тың әскери араласуы кезінде қажетті қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ете алмағаны үшін президент Николас Мадуроның күзет қызметіне жауапты генерал-майор Хавьер Маркано Табата қызметінен босатылды.

Айта кетейік, арнайы операция барысында Венесуэла президенті Николас Мадуро мен оның жұбайы АҚШ-қа эвакуацияланып, тұтқындалды.

Мадуро Нью-Йоркте есірткі саудасы айыбы бойынша сот алдында жауап берді.

Венесуэланың бұрынғы басшысы мен оның жұбайы алғашқы сот отырысында өзін кінәлі деп танымайтындарын мәлімдеді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу