Венесуэланың астанасы Каракаста сенбіге қараған түні жергілікті уақытпен шамамен 02:00-де қатты жарылыстар естіліп, төмен ұшқан ұшу аппараттарының дыбысы шыққан. Бұл туралы AP, AFP агенттіктерінің журналистері мен Reuters куәгерлері мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.
Куәгерлердің айтуынша, жарылыстар қаланың бірнеше ауданында бір мезетте болған. Тұрғындар көшеге шығып, жарқылдар алыстан көрінген. Каракастың оңтүстігінде, ірі әскери база орналасқан ауданда электр энергиясы өшкен. Жарияланым сәтінде Венесуэланың ресми билігі пікір білдірмеді.
Жарылыстар туралы хабарлар АҚШ президенті Дональд Трамптың риторикасы қатаңдаған тұста тарады. Ол бұған дейін АҚШ-тың әскери-теңіз күштерін Кариб өңіріне орналастыратынын мәлімдеп, Венесуэлаға соққы беру мүмкіндігін жоққа шығармаған еді.
Әлеуметтік желілерде Каракас үстінде АҚШ әскери тікұшақтары түсірілгені айтылатын бейнежазбалар пайда болды. Мәліметтерге қарағанда, операцияға CH-47 Chinook жүк тасымалдаушы тікұшақтары мен AH-64 Apache соққы беруші тікұшақтары қатысуы мүмкін. Расталмаған деректер бойынша, шабуылдың нысанасы әскери объектілер болған.