Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

WSJ: Трамп Киевке тағы бір Patriot зениттік зымыран жүйесін бермек

Әлем
WSJ: Трамп Киевке тағы бір Patriot зениттік зымыран жүйесін бермек

АҚШ президенті Дональд Трамп Украинаға Ресей агрессиясынан қорғану үшін қосымша әскери көмек көрсету туралы мәлімдемеден кейін, Киевке тағы бір Patriot зениттік-зымыран кешенін (ЗЗК) беру мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп хабарлайды Malim.kz The Wall Street Journal (WSJ) газетіне сілтеме жасап.

Басылымның жазуынша, бұл – АҚШ-тың қазіргі әкімшілігі үшін елеулі қадам болмақ. Себебі, бұл жүйе Трамптың алдындағы президент Джо Байден тұсында келісілген жеткізілімдерден тыс алғаш рет берілуі мүмкін.

Дереккөздердің мәліметінше, Ақ үй Пентагонға жаңа қару-жарақ, оның ішінде Patriot жүйесін Украинаға беру мүмкіндігін зерттеу үшін ресми сұраныс жолдаған. Сонымен қатар, АҚШ шенеуніктері басқа елдердің де Киевке осы кешенді беру ықтималдығын қарастырып жатыр.

АҚШ Қорғаныс министрлігіндегі дереккөздің айтуынша, қазіргі уақытта Украинаға АҚШ үш Patriot жүйесін жеткізген, Германия тағы үш жүйе берген, ал бір жүйе бірқатар еуропалық елдер консорциумы арқылы жеткізілген. Алайда олардың барлығы толық іске қосылған жоқ – кейбірі техникалық қызмет көрсетуге байланысты уақытша қолдануға жарамсыз.

Сонымен қатар, бұл жүйелерге қажетті зымырандардың қанша мөлшерін АҚШ пен оның одақтастары Украинаға ұсынатыны әзірге белгісіз.

Фото: Axel Heimken/dpa/picture alliance

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу