Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

www.coronavirus2020.kz сайты ашылды

Сұқбат
www.coronavirus2020.kz  сайты ашылды

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі  www.coronavirus2020.kz  сайты ашылғанын хабарлады. Бұл ресурста төтенше жағдай бойынша, карантин кезіндегі тәртіп пен мемлекеттің коронавирусқа қарсы жасап жатқан шаралары жөнінде, сондай-ақ, желіде тараған жалған мәліметтерді теріске шығару және т.б. барлық өзекті ақпараттар жинақталмақ.

«Қазір азаматтарды коронавирусқа қатысты жедел әрі сенімді мәліметтермен ақпараттандыру ең маңызды мәселе. Кей уақытта қоғамды ақпараттандыру мен қарым-қатынастың жеткілікті дәрежеде тиімді болмай жатқанын мойындау керек. Түрлі ақпарат құралдары, әсіресе мессенджерлер арқылы жалған ақпараттың таралуы көптеген қиындықтар туындатуда», - деп жазды Facebook парақшасында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев.

Сондай-ақ, министрдің айтуынша, бұл сайтта аурудың алдын алу, белгілері, аурудың алғашқы белгілері байқалғанда жасау керек әрекеттердің ережелері жарияланған және бұл мәліметтер азаматтар пайдаланып, тарату үшін инфографика, нұсқаулықтар түрінде берілген.

Азаматтар үшін сайтта арнайы сұрақ-жауап айдары болады, ол жерде әрбір пайдаланушы өзіне қажетті сауалына жауап ала алады.

Министр коронавирусқа қатысты мәліметті таратушылар осы ақпарат көзіне  жүгіну керектігін де ескертеді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу