Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Хамас делдалдардың Газа секторында атысты тоқтату туралы ұсынысын қабыл алды

Әлем
Хамас делдалдардың Газа секторында атысты тоқтату туралы ұсынысын қабыл алды

Бұған дейін Reuters ақпарат агенттігі Египет Израильден атысты тоқтату туралы жаңа ұсынысына «оң қабақ» танытқанын хабарлады, деп жазды BBC.


Палестиналық содырлар тобының жетекшісі Халил әл-Хайяға сілтеме жасай отырып, Reuters агенттігі Хамастың Газа секторындағы атысты тоқтату туралы келісімге келгенін хабарлады.

Екі күн бұрын бізге Мысыр мен Катар делдалдарынан ұсыныс түсті. Біз оған оң жауап бердік және оны қабылдадық, - деп келтіреді агенттік әл-Хайяның жергілікті телеарнада сөйлеген сөзінен.

Бұған дейін Египет Израильден атысты тоқтату туралы жаңа ұсынысына «оң қабақ» танытқанын айтты. Ол ХАМАС апта сайын бес израильдік кепілді босатады деп болжайды.

Израиль премьер-министрінің өкілдері Reuters агенттігі медиаторларының ұсынысты қабылдаған-қабылдамағаны туралы сұрңына жауап қатпады.

Үш кезеңнен тұратын Израиль мен Хамас арасындағы атысты тоқтатудың біріншісі 15 айға созылған соғыстан кейін 19 қаңтарда күшіне енді. Оның мерзімі 1 наурызда аяқталып, екінші кезеңнің шарттарын келісу мүмкін болмады. 18 наурызда Израиль Газа секторын бомбалауды және жердегі операцияларды қайта бастады, ал Хамас Израильді атқылай бастады.

Фото: Anadolu Ajansı

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу