Шайбалы хоккейден Қазақстанның ерлер құрамасы Польшаның Сосновец қаласында өтіп жатқан I дивизионның әлем чемпионатында мерзімінен бұрын элиталық дивизионға көтерілді, деп хабарлайды Malim.kz.
Төртінші тур аясында өткен шешуші кездесуде отандастарымыз Украина құрамасымен тартысты ойын өткізді. Негізгі уақыт пен овертайм 4:4 есебімен аяқталды. Буллит сериясында Қазақстан құрамасы 2:1 есебімен басым түсіп, маңызды жеңіске қол жеткізді.
Кездесу барысында Всеволод Логвин, Кирилл Ляпунов, Роман Старченко және Батырлан Мұратов шайба соғып, команданың жеңісіне үлес қосты.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы турнир барысында мынадай нәтижелер көрсетті:
– Литва – 4:1
– Жапония – 6:0
– Польша – 3:2
Осылайша, ұлттық құрама турнир аяқталмай жатып-ақ элиталық дивизионға жолдама алып отыр. Бұған дейін қазақстандық хоккейшілер 2021–2025 жылдар аралығында жоғары дивизионда өнер көрсеткен еді.
Енді ертең Қазақстан құрамасы топтағы басты фавориттердің бірі – Франциямен кездесіп, турнирдегі соңғы ойынын өткізеді.