freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жамбыл облысында кәсіпорын аумағына рұқсатсыз кірген 20 адам 15 тәулікке қамауға алынды

Қоғам
Жамбыл облысында кәсіпорын аумағына рұқсатсыз кірген 20 адам 15 тәулікке қамауға алынды
Ашық дереккөзден

Жамбыл облысында алтын өндіретін кәсіпорын аумағына заңсыз кірген 20 адам 15 тәулікке қамалды, деп хабарлайды Malim.kz.

Мойынқұм аудандық соты мәліметінше, 20 азаматқа қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралған. Олар күзетілетін нысанға заңсыз кіргені үшін Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 506-бабы бойынша жауапқа тартылған көрінеді.

Сот анықтағандай, 28 сәуірге қараған түні 20 адам Мойынқұм ауданы аумағындағы алтын өндірумен айналысатын кәсіпорынның аумағына рұқсатсыз кірген. Бұл нысан қауіпті өндірістік объект санатына жатады және жеке күзет ұйымының қорғауында болған.

Сот барысында құқықбұзушылардың барлығы кінәсін мойындап, жасаған әрекеттеріне өкінетінін айтқан. Олардың кінәсі хаттамалармен, түсініктемелермен, полиция қызметкерлері мен кәсіпорын өкілдерінің рапорттарымен дәлелденген.

Аталған бап бойынша 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамау жазасы қарастырылған. Сот кінәні мойындау мен өкінуді жеңілдететін жағдай ретінде ескерді. Ал 9 адамға қатысты осындай құқықбұзушылықты бір жыл ішінде қайталап жасағаны ауырлататын мән-жай ретінде танылды.

Сот шешімімен 20 адамның барлығы кінәлі деп танылып, әрқайсысы 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Сот қаулылары заңды күшіне енді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу