Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жамбылдағы жарылыста қайтыс болғандардың отбасына 15 миллион теңгеден беріледі

Сұқбат
Жамбылдағы жарылыста қайтыс болғандардың отбасына 15 миллион теңгеден беріледі

Жамбыл облысындағы жарылыс кезінде қайтыс болғандардың отбасына 15 миллион теңгеден беріледі. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Талғат Шадиұлы айтты.

«Он бес адам қайтыс болды. Осы қайтыс болған қызметкерлерге тиісті көмек беру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Республикалық бюджеттен 10 миллион, жергілікті бюджеттен 5 миллион теңге әлеуметтік төлем төленетін болды. Сондай-ақ несилері болса, көмек беру немесе қысқарту бойынша қазір банктермен жұмыс істеп жатырмыз», – деді Талғат Шадиұлы Aibat жаңалықтар қызметіне берген сұхбатында.

Әкім орынбасары сонымен бірге үй кезегінде тұрғандар мәселесі де қарастырылып жатқанын және мұны қосымша хабарлайтынын айтты.

Еске салайық, 26 тамыз кешке Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери қоймада жарылыс болып, он бес адам қаза тапты.

29 тамыз жарылыстарға байланысты жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу