Ақпараттық хабарлама
freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жаңа тағайындалған орынбасар әкімнің жерлесі

Сұқбат •
Жаңа тағайындалған орынбасар әкімнің жерлесі

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бүгін актив жиынында төрт ай орынбасары болған Балмейір Сансызбайұлын оқуға түсуіне байланысты өзі шығарып салды да оның орнына жаңа орынбасар тағайындады.

Қызылорда облысының жаңа орынбасары әкімнің жерлесі, Жаңақорғанның тумасы – Мейрамбек Шермағанбет.

«Президент әкімшілігінің келісімі және облыс әкімінің өкімімен 2022 жылдың шілдесінен бері Қызылорда облысының білім басқармасы басшысының қызметін атқарып келген Шермағанбет Мейрамбек Зинабдинұлы меритократия қағидатына сәйкес облыс әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Мейрамбек Зинабдинұлы аймақтың әлеуметтік-экономикалық ахуалымен етене таныс, мемлекеттік қызметтің барлық сатысынан өткен. Басқарушылық лауазымдарда мол тәжірибе жинаған әлеуеті жоғары кадр.

Мейрамбек Зинабдинұлы жұмыспен қамту, денсаулық сақтау, білім, ветеринария басқармаларына жетекшілік жасайтын болады» - деді әкім Нұрлыбек Нәлібаев.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу