Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жаңаөзендегі жарылыстан зардап шеккен әйел сал болып қалды

Сұқбат
Жаңаөзендегі жарылыстан зардап шеккен әйел сал болып қалды

Бір ай бұрын Жаңаөзенде екі қабатты үйде болған жарылыстан зардап шеккен әйелдің сал ауруына шалдыққаны белгілі болды. Жарылыс кезінде  23 жастағы әйел денесі күйіп, омыртқасы сынған көрінеді. Әрі ол апат кезінде жүктіліктің 17-18 аптасында болған.

Бір ай ішінде күйік шалған әйел күрделі екі отаны бастан өткерген. Дәрігерлер қазір оның жағдайы өте ауыр екенін айтып отыр.

- Жарылыстан зардап шеккен әйел Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының нейрохирургия бөлімшесінде жатыр. Оның жағдайы неврологиялық тапшылыққа байланысты тұрақты ауыр деп бағаланып отыр. Апат кезінде зардап шегушінің жұлыны  толық зақымданған. Кейін оның белден төмен сал ауруына шалдыққаны белгілі болды, - деді облыстық аурухананың баспасөз қызметіндегілер.

17 сәуір күні таңда Жаңаөзен қаласында екі қабатты үйде жарылыс болған еді. 12 пәтерді үйде алты тұрғын қайтыс болып, кейін баспанасыз қалғандарға жергілікті мұнай компаниясы баспана берген болатын.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу