Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жәнібек Әлімханұлы қарсыласына қатысты мәлімдеме жасады

Спорт
Жәнібек Әлімханұлы қарсыласына қатысты мәлімдеме жасады

Орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 KO) Андрей Михайловичпен (21-0, 13 KO) өтетін кездесуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Malim.kz.

Екеуара жекпе-жек 13 шілде күні Лас-Вегаста өтеді. Бұл айқаста Жәнібек атағын қорғайды.

Әлем чемпионы атағымды қорғайтын сәтті асыға күтіп жүрмін, Андрей Михайловичке деген құрметімді жеткізгім келеді. Себебі орта салмақтағы басқа әлем чемпиондары бас тартқан шақта, ол жекпе-жекке келісіп отыр. 13 шілде күні Лас-Вегаста төрткүл дүниеге Qazaq Style-ды көрсетемін. «Абсолют» атағына жол жалғасады, ал Михайлович менің жолымда тұр, - деді Әлімханұлы.

Естеріңізде болса, Жәнібек IBF атағын былтыр қазан айында АҚШ-та жеңіп алған, ол кезде жерлесіміз германиялық 

Винченцо Гуальтьериді (21-1-1, 7 КО) алтыншы раундта нокаутпен жеңген. 
Михайлович сәуір айында Австралияда жергілікті Лес Шеррингтонды (39-18, 23 КО) бірінші раундта ұтты.

Фото: Las Begas review journal 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу