Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова Instagram парақшасында жасауын көрсетіп, көпшілікті таңғалдырды. Өнер иесі көрпелерді жасатуға арнайы тапсырыс бергенін де атап өтті, деп хабарлайды Malim.kz.
"Бұйырса, осы жап-жаңа, өте әдемі, премиум сапада жасауым жаңа отауымның төрінде жарқырап тұрады! Құттықтап қойыңыздар", - деп жазды әнші.
Желі қолданушылары Мөлдір Әуелбекованың тұрмысқа шығып жатыр деп болжам жасады.
"Бағың ашылсын! Құдай тіл-көзден сақтасын!", "Мөлдіржан, бақытты бол, бағың ашылсын", "Ақжарқын, көркем Мөлдір бақытты болуға лайықты", - деп жазып жатыр желі қолданушылары.
Айта кетейік, әнші бұған дейін екі рет тұрмыс құрған еді.Салтай есімді ұл мен Айша есімді қыз тәрбиелеп отыр.
Фото: instagram.com/moldir.auyelbekova