Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жарты миллион талдың сыры. Маңғыстау әкімі түсініктеме берді.

Экология
Жарты миллион талдың сыры. Маңғыстау әкімі түсініктеме берді.
©gov.kz

Астана, malim.kz. Бүгін (23 желтоқсан) Астана қаласындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берген болатын.

Есеп барысында malim.kz тілшісі Маңғыстаудағы желектендіру науқандары туралы мәлімет келтірді. Биыл ақпан айында ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Бақытжан Базарбаек өңірдегі тал егу науқанына қатысты сандәйектер келтірген болатын. Оның айтуынша, 2021 жылы облыс 556 мың тал егуді жоспарлап, нақты небәрі 21 мың тал еккен. Тілшінің сұрағы - жоспар жасағанда әкімдіктердің қандай ғылыми негіздемеге сүйенетіні болды.

Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай мұндай проблеманың бар екенін айтты.

Атап айтқанда, егуін еккенмен, оларды суару жұмыстары қиындыққа ұшырап келген. Оған қоса, статистикалық көрсеткіш және есеп беру үшін үлкен цифрлар көрсетілген болуы мүмкін екенін жоққа шығармады. Қазір болса, суару мәселесін бірден қарастырып жоспарлауға көшкен.

Әкім бұған қоса, құм тоқтату сияқты науқандар бойынша егілетін сексеуіл сияқты өсімдіктер шалғай жерлерде егілгендіктен, есепте болғанымен халықтың көзіне көріне бермейтінін атап өтті.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу