Ақпараттық хабарлама
freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Зеленский президенттік сайлауға дайын екенін мәлімдеді

Әлем •
Зеленский президенттік сайлауға дайын екенін мәлімдеді

Украина президенті Владимир Зеленский сайлаудың қауіпсіз жағдайда өтуі қамтамасыз етілсе, алдағы екі-үш ай ішінде президенттік сайлау өткізуге дайын екенін айтты, деп хабарлады BBC.

Украина басшысы бұл мәселеге қатысты депутаттар мен халықаралық серіктестерден ұсыныс күтетінін, содан кейін сайлау өткізуге дайын болатынын жеткізді.

— Бұл мәселені бүгінде АҚШ президенті көтеріп отырғандықтан, мен қысқаша жауап беремін, мен сайлауға дайынмын. Оның үстіне, қазір АҚШ-тан, қажет болса еуропалық әріптестермен бірлесіп, сайлау өткізу үшін қауіпсіздікті қамтамасыз етуге көмектесуін сұраймын. Егер қауіпсіздік қамтамасыз етілсе, онда алдағы 60–90 күн ішінде Украина сайлау өткізуге дайын болады, — деді Владимир Зеленский.

Сондай-ақ ол бейбітшілік жоспарына қатысты үш құжаттың мазмұнын ашып айтты.

— 20 тармақтан тұратын негіздемелік құжат бар. Ол үнемі өзгеріп отырады, бұл қалыпты жағдай. Бұл Украина, Еуропа және бүкіл әлемнің мүдделеріне сай болуы тиіс тірі құрылым, — деді Украина президенті.

Оның айтуынша, екінші құжат қауіпсіздік кепілдіктеріне арналған, ал үшінші құжат Украинаны қалпына келтіру мәселелерін қамтиды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу