Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Зеленский: Ресей өз сарбаздарының мәйіттерін паспорттарымен бірге Украинаға тапсырды

Әлем
Зеленский: Ресей өз сарбаздарының мәйіттерін паспорттарымен бірге Украинаға тапсырды

Украина президенті Владимир Зеленский журналистермен кездесу барысында Ресей тарапы Украинаға 20 жауынгердің мәйітін тапсырғанын, олардың барлығы ресейлік екенін айтты, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.

 «Олар кімдерді майданға жіберіп жатқанын өздері де білмейді. Біз, әрине, өз батырларымыздың денесін қайтарғымыз келеді. Бірақ тек сан үшін ресейліктерді қайтаруға мүдделі емеспіз», – деді Зеленский.

Президент журналистерге тапсырылған мәйіттердің жанынан табылған ресейлік паспорттарды да көрсетті.
Зеленскийдің айтуынша, қазіргі таңда 695 мың ресейлік әскери Украина аумағында соғысып жатыр. Ресей әскері күніне 200 ретке дейін шабуыл жасайды, бірақ нақты ілгерілеу аз.
Днепропетров облысында 4 адамнан тұратын шағын диверсиялық топтар шекараны бұзуға тырысқанымен, сәтсіз болған.

Сонымен қатар, AFP агенттігі Зеленскийдің Германия мен Чехия компанияларын Ресейдің қорғаныс өнеркәсібіне қажетті бөлшектерді жеткізді деп айыптағанын хабарлады.
Фото: https://t.me/dwglavnoe

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу