Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Зеленский: Сайлау өткізу үшін атысты тоқтату қажет

Әлем
Зеленский: Сайлау өткізу үшін атысты тоқтату қажет
Фото: Francesco Fotia/REUTERS

АҚШ президенті Дональд Трамп талап етіп отырған Украинадағы президенттік сайлау соғыс уақытында да өтуі мүмкін, алайда ол үшін сайлау науқаны мен дауыс беру кезеңінде кемінде атысты тоқтату қажет. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

«Біз президент Трамппен кез келген форматта жұмыс істеуге дайынбыз. Егер президент Трамп Украинадағы сайлау туралы көбірек айтып жүрсе, мен мұны ашық айтқым келеді, біз сайлауды өткізуге талпынып көре аламыз. Украина демократиядан қашпайды», – деді Зеленский 11 желтоқсанда бейнеконференция форматында өткен «қалау білдіргендер коалициясы» кездесуінде.

Оның айтуынша, сайлау өткізу үшін қауіпсіздік қамтамасыз етілуі тиіс, ол жағынан Америка ең көп көмек көрсете алады.

«Егер сайлау өткізу қажеттілігі туындаса, онда ең болмағанда сайлау процесі мен дауыс беру кезінде атысты тоқтату керек. Мұны талқылау қажет. Шынымды айтсам, біз Украинада Американың бұл мәселені Ресей жағымен талқылауы керек деп санаймыз», – деді Зеленский. Бұған дейін ол қауіпсіздік қамтамасыз етілсе, сайлауды алдағы 60-90 күн ішінде өткізуге болатынын айтқан.

Дональд Трамп желтоқсан айының басында Украинада президенттік сайлау өтуі керек екенін тағы да мәлімдеді.

«Иә, меніңше, уақыт келді. Қазір сайлау өткізу үшін маңызды кезең. Олар соғысты сайлау өткізбейтін себеп ретінде пайдаланып отыр, бірақ менің ойымша, украин халқының таңдау жасауға құқығы болуы керек», – деді Трамп. Ол дауыс беру нәтижесінде Зеленскийдің қайта жеңіске жетуі мүмкін екенін де жоққа шығармады.

Трамп бұған дейін де, ақпанда, Украинада сайлау өткізуге шақырған. Бірақ ол кезде Зеленскийді «сайлаусыз диктатор» деп атап, оның рейтингі 4% деп мәлімдеген еді. АҚШ президенті бұл сөздеріне ешқандай дәлел келтірмеген.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу