Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Зеленский: Украина Ресейдің меморандумын қабылдамайды

Әлем
Зеленский: Украина Ресейдің меморандумын қабылдамайды

Украина да, басқа елдер де Ресей ұсынған меморандумды байыппен қабылдамайды, өйткені Мәскеу ұсынған құжат – ультиматум. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz РБК-Украинаға сілтеме жасап.

«Бұл – өзара түсіністік туралы меморандум емес. Ондай құжатта екі тарап болуы тиіс, ал мұнда тек бір тарап бар және ол тек талап қойып жатыр. Неліктен бұл ультиматум? Өйткені оның бірінші тармағында Қырымды, "ДХР", "ЛХР", Запорожье мен Херсон облыстарын Ресей құрамында халықаралық-құқықтық тұрғыдан мойындау, Украина Қарулы күштері мен өзге де қарулы құрылымдарының бұл аумақтардан толық шығуы көрсетілген», – деп түсіндірді Украина президенті.

Ол бұл талаптар БҰҰ Жарғысына, қарапайым ақыл-ойға және Украина Конституциясына қайшы екенін атап өтті.

Фото: Sergei Supinsky/AFP/Getty Images

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу