Владимир Зеленский Мюнхен қауіпсіздік конференциясында Украина президенттік сайлау өткізуге дайын екенін, алайда ол үшін ең алдымен атысты тоқтату қажет екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.
Модератордың Киевке дәл қазір не қажет деген сұрағына жауап берген Зеленский Украина үшін басты сын-қатер энергетика саласы екенін атап өтті. Оның айтуынша, елге ең алдымен Patriot және басқа да әуе қорғаныс жүйелеріне арналған зымырандар қажет.
Украина басшысы соңғы күндері, соның ішінде «Рамштайн» байланыс тобы аясында жаңа әскери көмектер туралы келісімдерге қол жеткізілгені үшін одақтастарға алғыс білдірді. Сондай-ақ ол Украина үшін Еуроодаққа мүшелік пен қауіпсіздік кепілдіктері маңызды екенін айтты.
Ресеймен келіссөздер туралы сөз қозғаған Зеленский Женевадағы кездесу алдында АҚШ президентінің сигналдарын түсінетінін жеткізді. Оның айтуынша, Украина абыройын жоғалтпай алға жылжи алады және бірқатар ымыраға барған.
«Ресеймен кездесудің өзі — ымыра. Байланыс шебінде тоқтап, келіссөздерді жалғастыруға дайынбыз — бұл да ымыра. Мәселе Ресейдің қандай қадамға баратынында. Біз Ресей тарапынан ымыраны көріп отырған жоқпыз», — деді Зеленский.