Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жетісу облысы түгелдей жарықсыз қалды

Оқиға
Жетісу облысы түгелдей жарықсыз қалды

Бүгін сағат 14:00 шамасында Жетісу облысының бүкіл аумағында электр қуаты жаппай сөнді. Бұл туралы «ТАТЭК» АҚ Электр желісінің компаниясы хабарлады.


Алдын ала мәлімет бойынша, жарық Талдықорған қаласында және облыстың өзге де елді мекендерінде толықтай жоқ.

Электр қуатының болмауына байланысты жолдағы бағдаршамдар да істен шыққан. Сағат 15:30–дағы жағдай бойынша жарық әлі қосылған жоқ.

Оқиғаның нақты себептері анықталып жатыр. Ресми қызметтер электрмен жабдықтауды қалпына келтіру және жағдайды реттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

Айта кетейік, 1 тамыздан бастап елімізде электр энергиясы тарифі өзгерді.  

Көрнекі фото: atr.kz


 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу