Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жетісу облысында өртсөндірушінің өліміне қатысты тергеу басталды

Оқиға
Жетісу облысында өртсөндірушінің өліміне қатысты тергеу басталды

Жетісу облысының Алакөл ауданындағы балық зауытында өртті сөндіруге көмектесіп жүрген әскери қызметкердің қаза болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі 7-арнаға сілтеме жасап. 

Қайғылы оқиға 10 сәуірде болған. Бескөл ауылында кәсіпорынның шикізат қоймасы мен мұздатқыш камерасы өртенген. Өртсөндірушілер 700 шаршы метр аумақты қамтыған жалынды өшіріп, отты аммиак толтырылған сыйымдылыққа жеткізбеді.

Отпен күрес кезінде кіші сержант Рүстем Серікқалиұлы химиялық заттар сақталған қойманың шатырына саты арқылы көтерілген. Өртті сөндіру барысында шатыр опырылып түсіп, ол 3–3,5 метр биіктен құлап, ауыр жарақаттар алған. 28 жастағы ер адам оқиғадан кейінгі келесі күні ауруханада көз жұмды.

Қазір өрттің шығу себептері анықталып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

"Әскери қызметкердің қазасы бойынша әскери тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады, ал өрттің өзіне қатысты ведомство әкімшілік іс те қозғаған. Зауыт маңындағы тұрғын үйлерден 200 адам қауіпсіз жерге — ауылдық мәдениет үйіне эвакуацияланды", - деді Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы басшысының орынбасары Гүлден Ықыласбаева. 

Фото: Pixabay.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу