Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жезқазғанда үйлерді тонаған екі ағайынды қамауға алынды

Қоғам
Жезқазғанда үйлерді тонаған екі ағайынды қамауға алынды

Жезқазғанда бірқатар ұрлық жасаған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Жезқазған қаласы полиция басқармасының қызметкерлері қала аумағында жасалған бірқатар ұрлықты әшкереледі. Жедел-іздестіру шаралары барысында 63 және 59 жастағы Жезқазған қаласының екі тұрғыны – ағайындылар анықталып, ұсталды. Тергеу барысында олардың биылғы жылдың тамыз бен қазан айлары аралығында дүкендерден, сұлулық салондарынан және тұрғын үйлерден ақша, телефон, банк карталары мен бағалы заттарды ұрлағандары белгілі болды. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы материалдық шығын 1,5 миллион теңгеден асты. Криминалдық полиция қызметкерлерінің жедел әрекеттерінің нәтижесінде күдіктілер анықталып, екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция азаматтарды жеке мүліктеріне ұқыпты қарап, бағалы заттарын қараусыз қалдырмауға шақырады.

Фото: Polisia.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу