ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» тікұшағы жүкті әйелге медициналық көмек көрсету үшін «Өскемен-Самар-Өскемен» бағыты бойынша санитарлық ұшуын шұғыл түрде орындады, деп хабарлайды Malim.kz.
Құрамында ҚР ТЖМ Қазавиақұтқару ұшқыштары Руслан Ағламбеков пен Леонид Калеканов, науқасты қажетті медициналық қолдауды қамтамасыз ететін санавиация дәрігерлері Марат Куксегенов, Татьяна Сергеева, Рим Меңдібаева қамтамасыз етеді.
ТЖМ экипажы мен дәрігерлердің жедел әрекеттерінің арқасында болашақ ана Өскеменнің медициналық мекемесіне жеткізілді.