Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жұмбақ жағдайда жоғалған жанұя: Полиция "атыраулық хакерді" іздеуге кірісті

Қоғам
Жұмбақ жағдайда жоғалған жанұя: Полиция "атыраулық хакерді" іздеуге кірісті
Arasha.kz коллажы

Қазақстанда бір отбасының із-түзсіз жоғалуына қатысты іс бойынша әлеуметтік желіде өзін "атыраулық хакер" деп таныстырған белгісіз адамның мәлімдемелері қызу талқылануда. Аталған ақпаратқа байланысты өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі ресми түсініктеме берді, деп Malim.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбада белгісіз тұлға Атырау облысындағы отбасының жоғалуына қатысты «өз бетінше зерттеу жүргізгенін» алға тартқан. Аталған видео Instagram платформасында жарияланып, қысқа уақыт ішінде кеңінен тарады.

Бұл жағдайға байланысты полиция азаматтарды тек ресми әрі тексерілген дереккөздерге ғана сенуге шақырды. Құқық қорғау органдары жалған ақпарат тарату заңнамаға сәйкес жауапкершілікке, соның ішінде қылмыстық жазаға да әкеп соғуы мүмкін екенін ескертті.

"Аталған тұлғаға (хакерге – ред.) қатысты бұған дейін алаяқтық фактілері бойынша төрт қылмыстық іс тіркелген. Қазіргі таңда бұл істер бойынша тергеу жалғасып жатыр, ол заң талаптарына сай іздеуде", – деп хабарлады полиция.

Отбасының із-түзсіз жоғалуына қатысты жедел-іздестіру және тергеу шаралары әлі де жалғасуда.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу