Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«10 күн ішінде». Түркия ресейліктерді еліне қайтарып жатыр

Саясат
«10 күн ішінде». Түркия ресейліктерді еліне қайтарып жатыр
Р.Ердоған мен В.Путин / Көрнекі сурет: interfax.ru

Түркияда тұрақты тұру құқығын сұраған ресейліктердің өтініші кері қайтарылып жатыр. Бұл туралы кешелі бері түрлі ақпараттар әлеуметтік желі мен түрлі сайттарға шығып жатыр.

Қазір Ресей Түркиядан тұрақты тұруға рұқсат беретін визаға өтініш берушілер арасында көш бастап тұр. Мәліметтерге сүйенсек, 145 715 адам Анкараға осындай өтініш берген. Бірақ, туристік мақсатта барып, визасыз жүруге болатын 60 күн уақыты біткен ресейліктерге Түркия үкіметі 26 желтоқсаннан бастап 10 күн ішінде Түркия аумағынан шығып кетуді талап етіп жатыр.

Ресейде моилизация жарияланған кезде Қазақстан аумағы арқылы Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия мемлекеттеріне өтіп жатқаны айтылған.

Жалпы, Ресейдің Украинадағы «әскери операциясы» басталғалы бері, әсіресе, Ресей мобилизация жариялағаннан кейін көптеген елдер ресейліктерге виза беруді тоқтатқан. Оның ішінде Латвия, Эстония, Литва, Финляндия елдері бар. Бұл қатарға енді Түркия қосылмақ. Кейбір ресейлік басылымдар Түркияның бұл әрекетін «арқадан пышақ ұру» деп бағалап жатыр. Қазір әлеуметтік желілерде Түркияда жүрген Ресей азаматтарының қандай қиын жағдайда қалғандары жайлы жазылған хаттары көптеп тарап жатыр.

Түркиядан тұрақты тұруға өтініш берген елдердің кестелік тізімі / @balbaltas

Айта кету керек, Түркиядан тұрақты тұруға виза сұрайтындар қатарында Қазақстан ондықты түйіндеп тұр. Ондықта Украина азаматтары да бар. Басылымдар Түркия үкіметі украиналықтарға елінде соғыс аяқталғанша тұрақтап қалуға берілген рұқсатты күшінде қалдырғаны туралы да жазып жатыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу