Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

10 жыл бойы бала сүйе алмаған ерлі-зайыптылар бірден төртемнің ата-анасы атанды

Әлем
10 жыл бойы бала сүйе алмаған ерлі-зайыптылар бірден төртемнің ата-анасы атанды
ашық дереккөзден

Өзбекстанның Самарқанд облысындағы перзентханалардың бірінде төртем дүниеге келді. Жарық дүниеге келген сәбилердің бірі қыз, ал үшеуі ұл боп шықты, деп хабарлайды Malim.kz.

Дереккөздің мәліметінше, сәбилер кесар тілігі арқылы дүниеге келген: алдымен салмағы 1,7 кг қыз бала, кейін салмақтары 1,5 кг, 2,2 кг және 2,3 кг болатын үш ұл туған.

Дәрігерлердің мәліметінше, нәрестелердің жағдайы қанағаттанарлық, оларға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. 29 жастағы ананың жалпы жағдайы орташа ауыр деп бағаланды.

Айта кетейік, бұл отбасы 10 жыл бойы перзент сүйе алмаған.

"Ізгі ниет пен сабыр болса, адам бәріне қол жеткізеді", – деді жаңа босанған ана.

Ал жас әке қуанышын бөлісіп:

"Біз өте бақыттымыз. Он жыл бойы бала сүймедік, енді төрт баламыз бар. Отбасымыздың бәрі қатты қуанып жатыр", – деп айтты.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу