freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

16 мамырда бірнеше өңірде үсік, дауыл және өрт қаупі күтіледі

Қоғам
16 мамырда бірнеше өңірде үсік, дауыл және өрт қаупі күтіледі
Фото: magnific.com

Қазақстанның бірқатар өңірінде 16 мамырға дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Malim.kz.

Алматы облысы аумағында солтүстік-шығыстан жел соғады. Облыстың шығысында жел екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысы бойынша солтүстік-шығыс және шығыс желі соғады. Облыстың оңтүстігінде жел екпіні 15-20 м/с болады. Түнде шығысында 1 градусқа дейін үсік күтіледі. Батысы мен солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағанды қаласында да жоғары өрт қаупі бар.

Жетісу облысы аумағында солтүстік-шығыс желі соғады. Шығысында, солтүстігінде және таулы аудандарда жел екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23-28 м/с дейін күшейеді. Түнде таулы аудандарда 1 градусқа дейін үсік болады. Облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысы аумағының батысында, солтүстігінде және шығысында күндіз жаңбыр мен найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с болады. Батысында, оңтүстігінде және шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодар қаласында да күндіз жаңбыр, найзағай болып, жел екпіні 15-20 м/с жетеді.

Абай облысы аумағының солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Түнде облыстың солтүстігі мен шығысында 3 градусқа дейін үсік болады. Шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Семей қаласында түнде 1-3 градус үсік күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысы аумағының солтүстігі мен шығысында күндіз жаңбыр мен найзағай болады. Түнде және таңертең солтүстігінде тұман күтіледі. Түнде солтүстігі мен шығысында 3 градусқа дейін үсік жүреді. Облыс орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Өскемен қаласында түнде 1-3 градус үсік болады.

Қызылорда облысы аумағының солтүстігінде, шығысында және орталығында шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз шығысында екпіні 23 м/с дейін жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады, ал солтүстігінде жоғары өрт қаупі бар. Қызылорда қаласында да кей уақытта шаңды дауыл болады.

Батыс Қазақстан облысы аумағының солтүстігінде түнде аздаған жаңбыр мен найзағай, күндіз батысы мен оңтүстігінде жаңбыр мен найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыс желі соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Орал қаласында да түнде жаңбыр мен найзағай болжанып отыр.

Маңғыстау облысы аумағының батысында, оңтүстігінде және орталығында жаңбыр мен найзағай күтіледі. Солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтау қаласында күндіз жаңбыр мен найзағай болады.

Атырау облысы аумағының батысында таңертең және күндіз жаңбыр мен найзағай күтіледі. Түнде және таңертең батысында тұман түседі. Күндіз шығысында шаңды дауыл болады. Жел екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Күндіз ауа температурасы 36 градусқа дейін көтеріледі. Солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында күндіз 35 градусқа дейін аптап ыстық болады.

Жамбыл облысы таулы аудандарында күндіз өткінші жаңбыр мен найзағай күтіледі. Жел екпіні кей уақытта 23-28 м/с дейін жетеді. Батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысы орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысы аумағында шығыс желі соғады. Күндіз батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жел екпіні 15-20 м/с болады. Оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбе қаласында жел екпіні 15 м/с дейін жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысы аумағының солтүстігі мен шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Батысында түнде және таңертең тұман болады. Жел екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Петропавл қаласында да жаңбыр мен найзағай күтіледі.

Түркістан облысы таулы аудандарында күндіз өткінші жаңбыр мен найзағай болады. Солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Жел екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23 м/с дейін жетеді. Батысы мен солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Шымкент пен Түркістан қалаларында жел екпіні 15-20 м/с болады.

Ақмола облысы шығысында түнде топырақ бетінде 1 градусқа дейін үсік күтіледі. Оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, ал солтүстігі мен орталығында да жоғары өрт қаупі болжанған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу