Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

16 шілдеде Қазақстанда ауа райы қандай болады

Экология
16 шілдеде Қазақстанда ауа райы қандай болады

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болып қала береді. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК синоптиктері 2025 жылғы 16 шілдеге арналған болжамда мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Метеорологтардың мәліметінше, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, еліміздің батысында, солтүстігінде және шығысында күндіз бұршақ жаууы мүмкін, солтүстікте дауыл соғады.

"Елдің қалған аумағында антициклон жотасының ықпалынан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады", - делінген "Қазгидромет" баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сонымен қатар, республика бойынша жел күшейеді деп болжанып отыр.

  • Атырау, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Ұлытау облыстарында, сондай-ақ Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында күндізгі аптап 35–39°C дейін жетеді;
  • Түркістан мен Қызылорда облыстарында күндіз 39-40°C аптап күтіледі;
  • Маңғыстау облысында күндіз 37-42°C аралығында қатты ыстық болады.

Фото: pixabay

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу