freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"20 адам қаза тапты": Мемлекеттік маңызы бар дүниені тасымалдаған ұшақ апатқа ұшырады (ФОТО)

Әлем
"20 адам қаза тапты": Мемлекеттік маңызы бар дүниені тасымалдаған ұшақ апатқа ұшырады (ФОТО)
Х/DeccanChronicle

Боливияда орталық банкке ақша жеткізіп бара жатқан ұшақ апатқа ұшырап, кемінде 20 адам қаза тапты, тағы 20 шақты адам жарақат алды. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрі Марсела Флорес мәлімдеді, деп Malim.kz тілшісі Unitel телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта 20 адамның жараланғаны және 20 адамның қаза тапқаны расталған. Ол азаматтарды зардап шеккендерге көмектесу үшін қан тапсыруға шақырды. Жараланғандардың басым бөлігінің жағдайы ауыр екені айтылды.

Жұма күні Боливия Әуе күштеріне тиесілі ұшақ Эль-Альто қаласындағы қозғалысы қарқынды автожолға құлаған. Экипаждың сегіз мүшесінің алтауы тірі қалған, бір адам із-түзсіз жоғалған деп хабарланды.

Алғашында билік өкілдері ұшақ қону кезінде ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, әуежай маңындағы тасжолда жүрген көліктерге соғылғанын мәлімдеген. Кейін қорғаныс министрлігі әуе кемесінің қону сәтінде құлағанын растады.

Ұшақ елдің Орталық банкіне арналған ақшаны тасымалдаған. Апаттан кейін оқиға орнына жергілікті тұрғындар жиналып, шашылған ақшаны жинауға тырысқан. Бұл құтқарушылар мен медицина қызметкерлерінің жұмысына кедергі келтірген. Полиция адамдарды тарату үшін көз жасаурататын газ қолданғанымен, тұрғындар қайта-қайта оралған.

Банкноталарды жинауға әрекеттенген кемінде 12 адам ұсталған.

Боливияның Орталық банкі ұрланған ақшаны қайтаруға шақырып, бұл купюралардың айналымға енгізілмегенін және заңды төлем құралы болып табылмайтынын түсіндірді.

Жергілікті полиция тұрғындардың апат орнына қайта ұмтылуын тоқтату үшін ақша бумаларын өртеуге кіріскен.

Орталық банк басшысы Давид Эспиноса Unitel телеарнасына берген сұхбатында:

"Бұл банкноталар заңды төлем құралы емес, айналымда жоқ. Сондықтан оларды жоюға кірістік. Мұндай купюраларды иемдену – заң бұзушылық. Барлық партия өртеледі", – деді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу