Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"21 рет пышақтап, полицияға өзі барып берілген": Жаңаөзендегі дәрігер қазасына қатысты тың дерек тарады (ВИДЕО)

Қоғам
"21 рет пышақтап, полицияға өзі барып берілген": Жаңаөзендегі дәрігер қазасына қатысты тың дерек тарады (ВИДЕО)
Alash.kz коллажы

Жаңаөзен қаласындағы ауруханалардың бірінде аса ауыр қылмыс тіркеліп, 29 жастағы терапевт-дәрігер Нұрдәулет Аманғалиев қаза тапты. Қайғылы жағдай аурухана ғимаратының дәлізінде, баспалдақ маңында болған. Марқұмның жақындары күдіктіге ешқандай кешірім болмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Куәгерлер мен медицина қызметкерлерінің айтуынша, белгісіз ер адам дәрігерге суық қарумен шабуыл жасаған. Қастандық кенеттен жасалып, жәбірленуші ауыр хәлде қалған.

Марқұмның денесінен мойын, кеуде тұсы мен қол аймағында көптеген терең жарақаттар анықталған. Шабуыл кезінде ірі қан тамырлары зақымданып, дәрігер көп мөлшерде қан жоғалтқан. Әріптестері оны дереу операцияға алғанымен, ауыр жарақат салдарынан оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, бұл қылмыс марқұмның кәсіби қызметіне байланысты емес. Жақындарының айтуынша, күдіктінің жұбайы аталған ауруханада медбике болып жұмыс істейді. Қайғылы жағдайға ер адамның негізсіз қызғанышы себеп болуы мүмкін деген болжам айтылып отыр.

Туыстарының дерегінше, дәрігердің денесіне 21 рет пышақ сұғылған. Марқұмның анасы болған жайтты еске ала отырып, жанайқайын жеткізді.

"Сау адам солай жасай ма? Адам дұшпанына да олай жасамайтын шығар. Адам итке де олай жасамайды. Сонша адам жүр. Отырған орнына барып, пышақтағанын бір адам көрмеген бе, сонда?! 21 жеріне тыққанша бәрі қарап тұра берген бе?!" – деп жан айқайын айтты марқұмның анасы.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Дәрігерді пышақтады деп күдікке ілінген азамат полицияға өз еркімен барып берілген, оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Қаза тапқан дәрігердің анасы ұлын өлтірген адамға ешқандай кешірім болмайтынын айтып, әділ жаза талап ететінін жеткізді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу