freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

500 мың доллар бопсалаған ҰҚК полковнигі мен әуежай аудиторы сотталды

Құқық
500 мың доллар бопсалаған ҰҚК полковнигі мен әуежай аудиторы сотталды
pixabay.com

Маңғыстау облысында ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты департамент басшысының бұрынғы орынбасары мен Ақтау әуежайының қауіпсіздік аудиторы кәсіпкерден 500 мың доллар (248 560 000 теңге)  бопсалағаны үшін сотталды. Сот үкімімен олар 11 және 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Stan.kz сайтына сілтеме жасап Malim.kz  хабарлайды.

Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаменті басшысының бұрынғы орынбасары Денис Анкудинов пен "Ақтау халықаралық әуежайы" АҚ авиациялық қауіпсіздікті бақылау және сапа аудиторы Константин Алферовке қатысты үкім шығарды.

Сот дерегінше, Анкудинов 2023 жылдың тамызында өңірдегі белгілі кәсіпкерден 500 мың долларын (248 560 000 теңге) бопсалап алуды жоспарлаған. Ол бұл іске Алферовті тартып, оған негізгі бопсалаушы рөлін жүктеген.

Тергеу материалдарына сәйкес, Анкудинов өзінің қызметтік мүмкіндіктерін пайдаланып, кәсіпкер мен оның туыстары туралы беделіне нұқсан келтіруі мүмкін жеке сипаттағы мәліметтер жинаған. Кейін кәсіпкерге компромат салынған конверт жіберіліп, артынша Алферов телефон арқылы хабарласып, мәселені "шетел валютасымен" үш күн ішінде шешуді талап еткен. Фотосуреттің сыртында "500 000" деп жазылған.

Кәсіпкер талапқа келіскендей болып, белгіленген кездесуде 500 мың доллардың орнына 500 мың теңге берген. Осыдан кейін күдіктілер ұсталған.

Сотта Анкудинов та, Алферов те кінәларын мойындамады. Соған қарамастан, сот оларды бопсалау бойынша кінәлі деп таныды. Анкудиновқа қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айып та тағылды.

Сот үкімімен Анкудиновқа баптардың жиынтығы бойынша 11 жыл, Алферовке 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар олардан жәбірленушінің пайдасына моральдық зиян ретінде 1 млн теңге және шамамен 3 миллион теңге сот шығындары өндірілмек. Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.

Бұған дейін 16 жастағы туысын зорлаған 71 жастағы зейнеткердің сотталғанын жазғанбыз. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу