freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

55 жастағы әйел өзінен 30 жас кіші жігітке үйленіп, 3 миллиард теңге ақшасын сыйлаған (ФОТО)

Әлем
55 жастағы әйел өзінен 30 жас кіші жігітке үйленіп, 3 миллиард теңге ақшасын сыйлаған (ФОТО)
goodfon.ru

55 жастағы қытайлық кәсіпкер әйел Юй Вэньхун өзінен 30 жас кіші ер адамға тұрмысқа шықты, деп хабарлайды Malim.kz.

South China Morning Post басылымының жазуынша, Юй Қытайдың солтүстік-шығысындағы кедей отбасында дүниеге келген. 18 жасында ол қас татуажы шебері болып жұмысқа орналасқан. Кейін өз сұлулық салонын ашып, 2004 жылы косметологиялық медицина саласында тұтас бизнес-империя құрды.

2025 жылдың екінші жартысында кәсіпкер әйел Лю Юйчэнь есімді жас жігітпен танысқан. Ол 2001 жылы туған және бұған дейін Юйдің компаниясында, соның ішінде модель ретінде жұмыс істеген.

Юй сүйіктісіне қымбат сыйлықтар жасаған. Атап айтқанда, оған Rolls-Royce және Mercedes-Benz автокөліктерін сыйлаған.

2026 жылдың наурыз айында жұп үйлену тойын өткізді. Күйеуге берілген қалыңмал құрамында қолма-қол ақша, жылжымайтын мүлік және люкс автокөліктер болған. Оның жалпы құны 50 миллион юаньға (шамамен 3 миллиард теңге) бағаланған.

Айта кетейік, Юй Вэньхун бұған дейін алты рет тұрмыс құрған. Сонымен қатар, ол 10 жыл бойы албаниялық модель Роландо Лекамен қарым-қатынаста болған.

Бұған дейін АҚШ-та әйел құрамында шеге мен металл сынықтары болған балмұздақты жеп, ірі көлемде өтемақы алғанын жаздық.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу