freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

95 млн-ды қалтаға басқан. Күдікті Түркиядан экстрадицияланды

Құқық
95 млн-ды қалтаға басқан. Күдікті Түркиядан экстрадицияланды
видеодан скриншот

Бірнеше алаяқтық жасады деген күдікті Түркиядан Қазақстанға экстрадицияланды, - деп хабарлайды Malim.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Бас прокуратура мәліметінше, бірнеше рет аса ірі мөлшерде алаяқтық жасаған Қазақстан азаматы Антальядан жеткізілген.

Тергеу деректеріне сәйкес, 2019–2020 жылдары күдікті алдау жолымен Шымкенттің 4 тұрғынының ақшалай қаражаты мен жер учаскелерін иемденіп, оларға жиынтығында шамамен 95 миллион теңге көлемінде залал келтірген. Жәбірленушілердің ақшалай қаражатын иемденгеннен кейін, күдікті бой тасалап, қашып кеткен. Осыған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланған.

"Кейіннен ол Түркия аумағында ұсталып, Бас прокуратураның сұрау салуы негізінде Отанына экстрадицияланды. Қазіргі уақытта ол тергеу изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.

Айып тағылған қылмыстар үшін қылмыстық заңнамада мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу