15 тамызда Семей – Өскемен автожолында Volkswagen жүргізушісі патрульдік полиция қызметкерлерінен көмек сұраған, деп хабарлайды Malim.kz.
Оның көлігінде аяғынан терең жарақат алған, қатты қансырап жатқан бес жасар бала болған.
Баланың анасының айтуынша, Жаңасемей ауданының Гранитный ауылында үй ауласында ойнап жүрген ұлы кіреберіс есіктің шынысы сынып, аяғын жарақаттап алған.
Полицейлер Еламан Масалимов пен Медет Смагулов жағдайдың ауыр екенін түсініп, анасы мен баланы патрульдік көлікке отырғызып, облыстық ауруханаға шұғыл жеткізген.
Нәтижесінде жарақат алған бала 12 минут ішінде аурухананың балаларды қабылдау бөліміне жеткізілді. Дәрігерлер оны бірден қабылдап, шұғыл операцияға алған.
Баланың анасы полицейлерге дер кезінде көрсеткен көмегі үшін алғыс білдірді.