Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Әбиба Әбужақынова дзюдодан Гран-приде алтын медаль жеңіп алды

Спорт
Әбиба Әбужақынова дзюдодан Гран-приде алтын медаль жеңіп алды

48 келі санатындағы Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова әлемдік Гран-при жарысының финалында керемет өнер көрсетті, деп хабарлайды Malim.kz.

Финалда ол жапон балуан Мизуки Харадамен бетпе-бет келді.

Матч барысында Абиба белсенділік танытып, қарсыласын 10:1 есебімен жеңді.

Жарыс барысында ол жартылай финалда Нидерландтан келген Амбер Херсьесті, ал ширек финалда Австриядан шыққан Спрингер Жаклинді жеңіп, финалға шығуға қол жеткізді.

Абиба Әбужақынова 1997 жылы дүниеге келген және халықаралық ареналарда өз өнерін бірнеше рет дәлелдеді. Ол әлем чемпионатында 2022 және 2024 жылдары қола медаль иегер болса, Азия чемпионатында 2021 және 2022 жылдары күміс медальдар қолына түскен.

Сонымен қатар, 2024 жылғы Париж Олимпиадасында ол бесінші орынға тұрақтаған.

Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметі хабарлауынша, осы дода әлемнің 52 елінен 438 спортшы бақ сынайтын болады.

Гран-при турнирінде Қазақстан намысын 16 татами шебері қорғап, ел мақтанышы болуды жалғастыруда.

Фото: ijf.org

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу