freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Әділетхан Молдахан 10 күнге қамалды

Құқық
Әділетхан Молдахан 10 күнге қамалды
Instagram

Алматы қаласының тергеу соты блогер әрі заңгер Әділетхан Молдаханды 10 күнге қамады. Бұл жөнінде адвокаты Мұхаммед Әлиосманұлы хабарлады, деп жазды Azattyq.org. 

"Кеше ғана (31 наурызда) тергеу соты өтті. Әділетхан Молдаханды тергеу соты 10 тәулікке прокуратураның өтініш хатын қолдап [қамады]. Заңсыз, негізсіз. Біз қазір апелляцияға дайындалып жатырмыз. Шағымды дайындап жатырмын. Әділдік болады деп ойлаймын" деді адвокат желідегі парақшасында.

10 күнге қамалғанын Алматы полициясы да "Курсив" басылымына растаған.

30 наурызда Әділетхан Молдаханның ұсталғаны белгілі болған. Алматы полициясының хабарлауында ол "көрінеу жалған ақпарат тарату" бабы бойынша күдікке ілінген. Ал туыстары "ұлтараздық алауыздық қоздыру" бабы да бар екенін айтты.

Ол бұған дейін әлеуметтік желіде Алматыдағы әл-Фараби даңғылында үш адамның ажалына себеп болған жол-көлік оқиғасын баяндап, пікірін жариялаған. Заңгер түнгі қалада автокөлікпен жарыс ұйымдастыруға құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысы болуы мүмкін деп мәлімдеген. 7 миллион рет көрілген бір видеода бірнеше полиция қызметкеріне айыптаулар айтылды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу