freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Аяусыз ұрып, көміп тастаған»: 29 жастағы азаматтың өлімі тергеліп жатыр

Құқық
«Аяусыз ұрып, көміп тастаған»: 29 жастағы азаматтың өлімі тергеліп жатыр
«Криминальный Казахстан» Telegram-арнасы

Жұмысқа кеткен азамат бірнеше күннен кейін демалыс аймағының маңынан өлі табылды. Алматы облысында жұмысқа шығып, қайта оралмаған 29 жастағы ер адамның өліміне қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр, деп хабарлайды Malim.kz  SMARTNEWS.KZ басылымына сілтеп.

Марқұмның денесі бірнеше күндік іздеуден кейін Ұйғыр ауданындағы демалыс орындарының бірінің маңынан табылған. «Криминальный Казахстан» Telegram-арнасының мәліметінше, қайғылы оқиға демалыс базаларының бірінде болған. Туыстарының айтуынша, ер адам 23 мамыр күні жұмысқа кетіп, содан кейін байланысқа шықпаған. Оны әріптестері соққыға жыққан деген күдік бар.

Алматы облыстық полиция департаменті бұл деректі растады. Ведомствоның хабарлауынша, 27 мамырда Ұйғыр аудандық полициясына әйел адам 29 жастағы ұлының жоғалғаны туралы арыз түсірген.

«Азамат жұмыс орнына кеткеннен кейін байланысқа шықпаған. Дереу іздестіру және жедел-тергеу шаралары ұйымдастырылды. Нәтижесінде жоғалған ер адамның мәйіті жұмыс орнына жақын орналасқан демалыс аймағы маңынан табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, спирттік ішімдік ішкеннен кейін ер адам мен оның әріптестері арасында жанжал туындап, жәбірленушіге дене жарақаттары салынған», – деп хабарлады полиция.

Аталған факті бойынша адам өлтіру және қылмысты жасыру баптарымен қылмыстық істер қозғалды. Қазіргі уақытта екі күдікті қамауға алынған. Тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған процессуалдық әрекеттер жүргізіп жатыр. Ал оқиға кезінде сол жерде болған үшінші азаматқа қатысты шешім тергеу нәтижесіне қарай қабылданады.  

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу