Қырғызстанда ажырасқан ер адамды бұрынғы қайын жұрты тонап кеткені белгілі болды, деп хабарлайды Malim.kz.
Оқиға Қырғызстанның Шу облысы, Ысык-Ата ауданында болған. Облыстық ішкі істер басқармасының мәліметінше, 25 қаңтар күні 1946 жылы туған азамат полицияға арызбен жүгінген. Оның айтуынша, 24 қаңтардан 25 қаңтарға қараған түні шамамен сағат 00:30-да белгісіз адамдар үйіне басып кіріп, қол-аяғын байлап, соққыға жыққан.
Қылмыскерлер үйдегі сейфтен 165 мың сом мен ұялы телефонды алып кеткен. Аталған дерек бойынша "қарақшылық" бабы негізінде қылмыстық іс қозғалды.
Күдікті ретінде 1995 жылы туған екі ер адам және 1978 жылы туған тағы бір азамат ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу нұсқасына сәйкес, олар жәбірленушінің бұрынғы әйелінің туыстары болып шыққан.
Алдын ала мәліметке сүйенсек, күдіктілер сейфте көп көлемде ақша бар деп ойлаған. Бұл қаражат жер телімін сатудан түсті деп болжанғанымен, ақшаның негізгі бөлігі банк депозитіне салынғаны анықталды.