Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Әйелін қызғанған": Жаңаөзенде қаза тапқан дәрігердің туыстары жан айқайын жеткізді (ВИДЕО)

Қоғам
"Әйелін қызғанған": Жаңаөзенде қаза тапқан дәрігердің туыстары жан айқайын жеткізді (ВИДЕО)

Жаңаөзенде қаза тапқан жас дәрігердің өліміне қатысты жаңа деректер белгілі болды. Марқұмның анасы ұлының денесіне 21 рет пышақ салынғанын айтып, қанды оқиғаның мән-жайын баяндады, деп хабарлайды Malim.kz.

31 арнаның тілшілері Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласында көз жұмған 29 жастағы дәрігер Нұрдәулет Аманғалиевтің отбасымен жүздескен. Жақындарының айтуынша, қылмысқа қызғаныш себеп болған. Күдіктінің жұбайы осы медициналық мекемеде медбике болып қызмет атқарғаны белгілі.

Марқұмның анасы баласының өліміне қатысты ауыр күйзелісін жасырмады.

"Адам дұшпанына да, итке де бұлай істемейтін шығар. 21 жерден пышақ салғанша біреу араша түспегені ме? Бәрі қарап тұра берген бе?" – дейді ол.

Туыстары дәрігердің өліміне кінәлі адамды ешқашан кешірмейтіндерін жеткізді.

Ал денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бекболат Ізбасаров марқұмның алған жарақаттары аса ауыр болғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, дәрігер мойын, кеуде тұсы мен қолдарынан терең пышақ жарақатын алып, ірі қан тамырлары зақымдалған.

"Көп мөлшерде қан жоғалтқан. Ақтаудан арнайы келген мамандар шұғыл ота жасағанымен, әріптесіміздің өмірін сақтап қалу мүмкін болмады", – деді ол.

Өмірін медицина саласына арнаған Нұрдәулет Аманғалиев Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінде 9 жыл білім алып, бір жыл бұрын Жаңаөзен қаласына жұмысқа орналасқан. Артында ұлы мен қызы қалды.

Полиция аталған дерек бойынша «Адам өлтіру» бабы негізінде қылмыстық іс қозғады. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, күдікті өз еркімен полицияға берілген. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторында, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу